Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) басшысы Тедрос Аданом Гебреисус коронавирустың тарауы бойынша статистика пандемия басталғанан бергі ең жоғары деңгейге жақындап қалғанын айтты, - деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы ДДҰ басшысы баспасөз брифингінде мәлімдеді. Ол соңғы екі айда бүкіл әлемде расталған жаңа жағдайдың күнделікті саны екі есеге жуық артқанын айтты.
- Бүкіл әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтыру дерегі көбейіп барады. Жаңа жағдайлардың саны бүкіл пандемия кезінде тіркелген ең үлкен көрсеткішке жақындады, - деді ол.
ДДҰ басшысы бұрын коронавирустың тез таралуын болдырмай отырған Папуа-Жаңа Гвинея сияқты кейбір елдерде қазір инфекция жұқтыру көрсеткіші күрт артқанын айтты.
- Былтыр Папуа-Жаңа Гвинеяда 900-ден аз жағдай және тоғыз өлім дерегі тіркелді, - деді Гебреисус.
Қазіргі уақытта елде 9 мыңнан аса жағдай тіркеліп, 83 адам инфекциядан қайтыс болған. Олардың жартысы өткен айда тіркелген.
Бүгінде COVAX 100-ден аса елге 40 миллионға жуық вакцина жіберді. Бұл әлем халқының шамамен 0,25 пайызын қорғауға жеткілікті.