"Әдемі Әлем" атты ән кеші өтті

"Әдемі Әлем" атты ән кеші өтті

Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Түркістан сарайында "Әдемі Әлем" атты ән кеші өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырған мерекелік шараға шаһардағы көп балалы аналар мен қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысып жүрген 100-ден астам арулар шақырту алды.

Кеште мереке иелерінің құрметіне орай танымал жұлдыздар өнер көрсетті. Атап айтқанда, Еліміздің мәдениет қайраткері Сәкен Майғазиев, Ақбота Керімбекова сынды әншілер мен бірге қалалық мәдениет ұйымының өкілдері де сахнаның сәнін келтірді. Кеште негізінен елімізге танымал композиторлардың аруларға арналған туындылары шырқалды.

Ең бастысы мерекеге орайластырған концерт санитарлық талаптарды сақтай отырып тегін ұйымдастырылды.