Доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамы өсті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Қазақстан Ұлттық банкі 25 ақпандағы америкалық валюта бағамын атады.
Бейсенбіде доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамы 415,57 теңге болады. Бұл ретте бүгінгі, 24 ақпандағы доллар бағамы 414,94 теңгені көрсеткен.
KASE биржасындағы күндізгі сессия қорытындысы бойынша, бір доллар орташа 415,57 теңге тұрды.
Kurs.kz деректері бойынша, қазір Шымкенттегі ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 420,5 теңге, сатып алу – 419,5 теңге.