Дәрігер: Балалар арасында аурушаңдық 2 есеге көбейген

Дәрігер: Балалар арасында аурушаңдық 2 есеге көбейген

Шымкент қаласында балалар арасында аурушаңдық көрсеткіші еке есеге көбейген, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы Балалар ауруханасының бас дәрігері Динара Жумадилова мәлімдеді.

Бас дәрігердің айтуынша, балалар арасында дерттің артуына байланысты ауруханада жұқпалы ауруларға арналған қосымша төсек орындар дайындалды.

Мегаполистегі балалар ауруханасы – мамандандырылған педиатриялық, хирургиялық көмек көрсетеді. Аурухана 315 орынға арналған.

Короновирус инфекциясымен куресу мақсатында ауруханаға 60 төсек орынға арналған жұқпалы аурулар бөлімшесі, 9 орындықжансақтау бөлімі, сондай-ақКВИ сынамасына оң нәтижелі профильді науқастарға 10 төсек орындық бөлімшеұйымдастырылды. Мамандар қоры инфекционист дәрігерлерімен толықтырылып, науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.

- Қазіргі таңда дабыл қағып айтатын жағдай, балалар арасында аурушаңдықтың курт өсуі.Қалыпты жағдайда медициналық көмекке жүгінушілер саны 150 шамасында болса, ал қазір тәулігіне көмек алушылырдың саны 2 есе өсіп, 300 ден асты.Құрметті ата аналар егерде балаңыздың бойында тәбетінің төмендеуі, мұрынның бітуі, іш өтуі мен құсу, дене қызуының көтерілуі сияқты белгілер байқалса, жергілікті емханаға барып мамандардың кеңесін алу қажет, ал стационарлық ем кажет болса,уақытты өткізбей ауруханаға келіп медициналық көмекалуға асығыңыздар.Балаларымызды короновирус инфекциясынан қорғаудың бірден бір жолы карантиндік шараларды сақтап, дер кезінде медициналық көмекке жүгініп ересектер арасында вакцина қабылдау, - дейді қалалық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігері Динара Жумадилова.