ДСМ Наурыз мейрамын шағын ортада өткізуге кеңес берді

ДСМ Наурыз мейрамын шағын ортада өткізуге кеңес берді

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға және үлкен мерекелер өткізбеуге кеңес берді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

- Үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбей, Наурыз мейрамын отбасымен атап өтуге кеңес береміз. Жаңа жыл мерекесінен кейін коронавирус инфекциясының таралу дерегі көбейгенін білесіздер. Осыған байланысты санитар нормаларды, бетперде тағу режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырамыз, - деді Марат Шоранов.

Айта кетейік, наурызда 12 демалыс және 19 жұмыс күні болады. Наурыз мейрамы кезінде ел тұрғындары 5 күн демалады - сенбіден, 20 наурыздан сәрсенбіге, 24 наурызға дейін.