​Екпе салдырған ЖОО студенттеріне жеңілдіктер беріледі​

​Екпе салдырған ЖОО студенттеріне жеңілдіктер беріледі​

Қазақстандық жоғары оқу орындарында Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетовтың тапсырмасы бойынша коронвирусқа қарсы вакцина салдырған студенттер бірқатар жеңілдіктерге ие болады, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Жоғары оқу орындарының студенттері індетке қарсы вакцинацияны қолдау акциясын бастады. Екпе алған студенттер ЖОО-ның мүмкіндігіне байланысты оқуға, жатақханаларда тұруға жеңілдіктерге ие болады. Сонымен бірге жоғары оқу орындарының екпе салдырған ұстаздарына да материалдық ынталандыру сыйлығы беріледі.

Бүгінде «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, М. Әуезов атындағы ОҚУ, М. Өтемісов атындағы БҚУ, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті вакцинациялауды қолдау үшін акцияны бастап кетті.

Акция аясында студенттердің оқуға, жатақханаға тұруға жеңілдіктер беріліп, сауықтыру шипажайларына тегін жолдама мен тегін тамақтану және қоғамдық көлікті пайдалану талондары қарастырылған.

«Вакцинацияланған студенттер үшін шет тілдері, компьютерлік сауаттылық және кәсіпкерлік дағдыларды дамытатын тегін курстар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Екпе салдырған кейбір университеттердің студенттері фитнес залдарына, бассейнге, театрға, кинотеатрға және концерттерге тегін бара алады»,- делінген хабарламада.

Мұндай акциядан жоғары оқу орындарының оқытушылары да назардан тыс қалмады. Екпе салдырған ұстаздар қосымша ақы немесе ақылы демалыс алады.