Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі бөлімдеріне бірқатар тағайындау жасады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы Елбасының ресми сайты мәлімдеді.
"ҚР Қауіпсіздік кеңесі төрағасының шешімімен Русланбек Бекжігітов Қауіпсіздік кеңесінің қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметінен, Ерлан Абдақасов Қауіпсіздік кеңесінің ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды", - делінген ақпаратта.
Елбасы шешімімен Бекжігітовтің орнына Расул Оразғұлов, ал Абдақасовтың орнына Данияр Есин келді.
Айта кетейік, ҚР Қауіпсіздік кеңесі - ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, конституциялық құрылысты, мемлекеттік тәуелсіздікті, аумақтық тұтастықты және халықаралық аренада Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында құрылған конституциялық орган. Ол ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізеді.
Қазақстанның тұңғыш президенті – елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып табылады. Кеңес құрамын президент Қауіпсіздік кеңесінің төрағасымен келісе отырып қалыптастырады.