Елімізде жаңа мейрам пайда болды

Елімізде жаңа мейрам пайда болды

Үкімет «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Заңына толықтыру енгізді. Толықтыруға сәйкес қазақстандықтар әр жылдың 22 желтоқсаны күні «Мұрағатшы күнін» атап өтетін болды, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz

Primeminister.kz сайтында жарияланған толықтыруда «48. Мұрағатшы күні – 22 желтоқсан» деген мәтін бар. Заңға жасалған толықтырулар жарияланған күнінен, яғни 2020 жылдың 22 желтоқсанынан бастап күшіне енді.

Айта кетейік, биылғы жылы қазақстандықтар 121 күн демалады. Алайда, «Мұрағатшы күні» демалыс күні ретінде есептелмейді.

Фото: ашық дереккөз