Еліміздің 15 өңірі «қызыл» аймақта

Еліміздің 15 өңірі «қызыл» аймақта

Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК дерегінше өткен тәулікте коронавирус жұқтырыудың 5 179 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі

Бүгінге дейін ел аумағында коронавирус індетін жұқтырғандар саны 504 290-ға жетті.

Соңғы тәулікте аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 1 277, Алматы қаласында - 710, Шымкент қаласында - 412, Ақмола облысында -177, Ақтөбе облысында - 142, Алматы облысында - 160, Атырау облысында - 348, Шығыс Қазақстан облысында - 93, Жамбыл облысында - 105, Батыс Қазақстан облысында - 272, Қарағанды облысында - 703, Қостанай облысында - 141, Қызылорда облысында - 108, Маңғыстау облысында - 146, Павлодар облысында - 185, Солтүстік Қазақстан облысында - 97, Түркістан облысында - 103.

Сонымен бірге Қазақстанда 2 529 адам аурудан айығып шықты.

ВАК-тың 2021 жылдың 21 шілдедегі мәліметінше эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында еліміздегі екі өңір, яғни Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстары «сары» аймақта тұр.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.