«FIRST CONCRETE COMPANY» ЗАУЫТЫ ҚАРАША АЙЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

«FIRST CONCRETE COMPANY» ЗАУЫТЫ ҚАРАША АЙЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Сайлауалды бағдарламаның орындалуы «AMANAT» партиясының назарында. Бекітілген кестеге сәйкес құрылыс нысандары мен қала аумағындағы өндіріс орындарының жұмыс барысына бақылау жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі аймақтық кеңес «Жұлдыз» индустриалды аймағында көшпелі отырысын өткізді.

Зерделеу жұмыстарына «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғани Ташқараев, комиссия мүшелері Бақытжан Жақсықұлов, Жанзақ Алибеков, Хайрулла Сарсенов және Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Турманов қатысты.

«Жұлдыз» индустриалды аймағында орналасқан «First Concrete company» ЖШС – темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыттың құрылысы 2022 жылы басталған. Мердігер компанияның мәліметінше ағымдағы жылдың қараша айында зауыт пайдалануға беріледі. Ивестициялық құны – 4,7 млрд теңгені құрайтын темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыттың өндірістік қуаты жылына 60 000 м3 құрайды. Аталған нысанның құрылысы қазіргі таңда 90 пайызға аяқталған. Жоба іске қосылған кезде 180 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі.

«Шымкент келбеті»