«Фосфор» ауруханасында инфекциялық стационар жұмыс істейді

«Фосфор» ауруханасында инфекциялық стационар жұмыс істейді

Шымкентте №2 қалалық ауруханасы жанынан ашылған инфекциялық стационарда коронавирус пен пневмонияға шалдыққан науқастар ем қабылдауда, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов 250 төсек-орынға лайықталған инфекциялық стационардың жұмысымен танысып, емдеу мекемесін аралап көрді.

Инфекциялық стационарда бүгінде 200-ден аса медицина маманы жұмыс істейді. Мұнан бөлек, науқастарға оңалту емін жүргізу үшін аурухана базасынан қосымша 100 төсек-орын ашылмақ.

Айта кетсек, аурухана ғимаратында ашылған инфекциялық стационардағы төсек-орындардың барлығы оттегі нүктесімен қамтылып, үш айлық дәрілік қоры әзірленген. Сондай-ақ, 53 жасанды тыныс алу аппараты, КТ, цифрлы рентген сынды инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеуге қажетті жабдықтардың барлығы бар.

Ал науқастарға қажетті оттегіні аурухананың жанынан ашылған оттегі цехынан тасымалданады.