ХАЛЫҚТЫҚ ДӘСТҮРЛІ ӘНДЕР МЕН КҮЙЛЕР ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ

ХАЛЫҚТЫҚ ДӘСТҮРЛІ ӘНДЕР МЕН КҮЙЛЕР ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ

"Shym City" шағынауданындағы жаңа саябақ аумағында Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай «Ұлттың рухы – Домбыра» атты гала-концерт өтті. Іс-шара Ұлттық домбыра күні мерекесін халықтық сипатта насихаттау, қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғыртуға шақыруды мақсат еткен.

Ұлттық домбыра күні 2018 жылдан бері қазақтың төл аспабының күні ретіне тойланып келеді. Бүгін саябақта сахна мен алаң тақырыпқа сай, ұлттық нақышта безендірілген. Жергілікті өнерпаздар қала тұрғындарына халықтық дәстүрлі әндер мен күйлерді паш етті.

Мерекелік концертке «Шымкент концерт» концерттік ұйымының Қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Қазына» би ансамблі, «Қаған» этно-фольклорлық ансамблі және дәстүрлі әншілер мен күйшілер, шығармашылық үйірмелерінің 400-ге жуық домбырашысы қатысты.

Жалпы гала-концертке 500-ден аса өнерпаз тартылды.

Шаһарда 3 шілдеден бастап халық көп шоғырланатын орындарда домбыра күніне орай бірқатар көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды. Бүгін де қалада қоғамдық орындарда дәстүрлі әндер мен күйлер орындалды.

«Шымкент келбеті»