Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ-мен бірлесіп, «Игі істер марафоны» жобасын бастады. Марафонның осы аптасы экологияға арналады.
Осыған орай, қаламыздың "Жасыл ел" жасақтары мен ерікті жастар марафонға белсене қатысып, тазалықтың жаршысы болып жүр. Бүгін сол жастарымыз Қошқар ата өзені бойына сенбілікке шықты. Тазалық науқаны барысында марафоншылар ағаштарды әктеп, орындықтарды сырлады. Аяқ жолдарды, өзен айналасын қоқыстан тазартты.
"Жасыл ел" жасақтары жастары осындай жобаның жүзеге асып жатқанына дән риза. Жаңа орта, жаңа достар тауып, қала тазалығына шын ықыласпен үлес қосып келеді.
Жоба аясында күнтізбедегі маңызды күндерге, халықаралықжәне түрлі әлеуметтік және мәдени тақырыптарға арналған «Жақсылық апталығы» мен жыл сайынғы тақырыптық іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Тақырыптар атауы жыл сайын өзгеріп отырады. Бұл жастардың түрлі әлеуметтік жобаларға қатысуына мүмкіндік береді.
«Шымкент келбеті»