Шымкент қаласындағы мемлекеттік және жекеменшік емхана жанынан құрылған мобильді бригадалар күніне мыңнан аса шақыртуға барады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл жөнінде Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов қала әкімдігінің Instagram парақшасында өткентікелей эфирде мәлімдеді.
Позиловтың сөзінше, қазіргі таңда 39 мемлекеттік және жекеменшік емханада 205 мобильді бригада жұмыс істейді. Бригада қызметкерлері Covid-19, пневмонияға шалдыққан, жіті респираторлық аурудың белгілері барпациенттерге үйде амбулаториялық-емханалық көмек көрсетіп, ковидкекүдікті пациенттерден жедел ПТР сынамасын алады.
–Қазіргі таңда 4 313 науқас емделіп жатыр, оның ішінде 2 551 науқас үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдауда. Осы амбулаториялық ем қабылдап жатқандарға мобильді бригада қызметкерлері көмек көрсетеді. Қалада жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 13 521 науқас анықталған.Өкінішке қарай, 248 науқас қайтыс болды. Соңғы бір айда көз жұмғандардың саны күрт көбейген. Инфекциялық стационардакоронавируске шалдыққан 121 жүкті әйел ем қабылдап жатыр. Қауіпті инфекция жұқтырған 6 жүкті әйелдің жағдайы ауыр, - деді қаланың бас дәрігері.
Айта кетейік, өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 418 жағдайы тіркелді. Қазір инфекциялық стационарлардағы жансақтау бөлімінде 171 науқас емделуде. Төсек-орын толымдылығы 64% құрайды.