Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен коронавирус індетіне қарсы штаб отырысы өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Штаб отырысында қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы баяндаған денсаулық сақтау басқармасының басшысы жыл басынан бері шаһарда 21 мыңнан астам адамнан коронавирус инфекциясы анықталғанын ал, 1 034 азамат пневмониямен тіркелгенін атап өтті.
Эпидахуалдың барысымен танысқан қала әкімі індет шарықтау шегіне жақындап қалғандығына назар аударды. Вакцина салдырмаған жағдайда бұл көрсеткіш бұдан да ауыр болуы мүмкін екенін алға тартты.
Айта кетсек, қазір қалада екпе салатын 45 бекет болса, І компонентпен 378 827 адам, ІІ компонентпен 294 352 адам егілген.
Қала басшысы эпиахуалды жақсарту үшін КТ, рентген аппараттарының қажет болған жағдайда, тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етуді, науқастарды стационарға қабылдау уақытын 15 минуттан аспауын қадағалу керек екенін атап өтті.
М.Әйтенов бекітілген протокол аясында емделудің маңыздылығына тоқталып, өздігінен ем қабылдау үрдісін сынға алды. Сонымен бірге мобильді топтардың жұмысын күшейтіп, науқастарға ем бойынша сауатты ақпарат беруді және қайтыс болғандарға қатысты арнайы комиссия құрып, талдау-анықтау жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырма берді.
Жиын соңында қаладағы барлық бас дәрігерлер мен медициналық ұйым жетекшілеріне белгіленген алгоритм бойынша жеделіс-қимыл жасау жұмыстарын тиімді ұйымдастырудыміндеттеді.