​Қала тазалығы шаһар басшысының назарында

​Қала тазалығы шаһар басшысының назарында

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов аудан әкімдері мен басқарма басшыларының қаладағы санитарлық-тазалық бойынша атқарылған жұмысының есебін тыңдады, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының дерегінше, қаладағы 211 демалыс орынның санитарлық-тазалығы мен күтіп-баптау үшін бюджеттен 3 млрд. 323 млн. теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде шаһардағы үш су арнасына күрделі жөндеу жүргізіледі.

Жиын барысында шаһар басшысы қаланы таза ұстау әр тұрғын мен тиісті мердігер мекеменің жүйелі жұмысына байланысты екенін тілге тиек етті.

–Маңызы бар үлкен көшелерге аудан әкімдіктері, көпқабатты үй айналасын жауапты тұлға, ал сауда нысандарының тазалығына келісімшарт аясында кәсіпкерлер қолға алуы тиіс. Енді әлеуметтік желідегі шағымдар дәлел ретінде көрсетіліп, айыппұл салынады. Осы орайда мердігер мекемелер аудан әкімдіктерімен бірлесе жұмыс істеуі қажет, - Мұрат Әйтенов.

Сонымен қатар қала әкімі тиісті сала басшыларына бюджет қаржысын үнемдеу үшін көп жылдық гүлдерді егуді және сектор бойынша отырғызуды жүктеді.