Өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 81 жағдай тіркелді. Оның ішінде 61-і симптомды, 20-ы симптомсыз. Індет жұқтырған 39 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 42 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 3074 адам вакцина алды
(I компонент-2293, II компонент-781). Егу науқаны басталғалы барлығы 487 723 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 398 148 адам вакцинаның екі компонентін алған.
Медицина мамандары қала тұрғындарын карантиндік шараларды сақтауға шақырады.