Карантин талаптарын бұзған 59 нысанға әкімшілік хаттама толтырылды

Карантин талаптарын бұзған 59 нысанға әкімшілік хаттама толтырылды

Қаратау ауданы аумағында еліміздегі эпидахуалға байланысты карантиндік шараларды сақтау мақсатында мобильдік топ тарапынан күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Айта кету керек, аудан аумағында 1500-ге жуық кəсіпкерлік нысан бар. Мобильдік топтың аталған нысандарды кезекті аралау барысында Шымкент қаласы Бас санитарынық қауылысында белгіленген уақыттан тыс жұмыс атқарып жатқан 10 азық-түлік дүкендері анықталып, нысан иелерінен түсініктеме алынды. Әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Қазіргі таңда аудан аумағында 20 сәуірден бүгінге дейін карантин талаптарын бұзған 71 кәсіпкерлік нысан анықталды. Оның ішінде 59 нысанға әкімшілік хаттама толтырылып, 4 нысанның жұмысын тоқтату бойынша сотқа өткізілген.

Жалпы, карантин талаптарды қадағалау мақсатында құрылған ауданның 6 мобильдік тобының жұмысы аудан əкімі аппаратының тұрақты бақылауында.