6 cәуірдегі жағдай бойынша,194 706 адам ерікті түрде коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Сайттағы мәліметтерге қарағанда, Нұр-Сұлтанда 14842, Алматыда 43778, Шымкенте 9419, Ақмола облысында 7083, Ақтөбе обысында 6727, Алматы облысында 17122, Атырау облысында 4784, ШҚО-да 9458, Жамбыл облысында 10261, БҚО-да 6869, Қарағанды облысында 11390, Қостанай облысында 7812, Қызылорда облысында 7581, Маңғыстау облысында 3787, Павлодар облысында 7662, СҚО-да 6971, Түркістан облысында 17170 адам вакцина салдырған.
Айта кетейік, елімізде сәуірдің екінші жартысында COVID-19 инфекциясына қарсы жалпы вакцинациялау басталмақ.
Вакцина салдыру үшін тұрғылықты жердегі емханаға бару керек. Халықты вакциналау аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде, арнайы контингентті вакциналау тиісті ведомствоның қызмет орнында жүргізіледі.
КВИ-ге қарсы вакциналау әр адамның қалауы бойынша іске асырылады, оған ешкімді мәжбүрлемейді. Вакциналаудан бас тартқан адам әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылмайды.