Қазақстанда індет жұқтырғандар саны 600 мыңнан асты

Қазақстанда індет жұқтырғандар саны 600 мыңнан асты

Ел аумағында соңғы тәулікте 7 792 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі coronavirus2020 сайтына сілтеме жасап

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы –1434, Алматы қаласы – 1570, Шымкент қаласы – 535, Ақмола облысы – 259, Ақтөбе облысы – 403, Алматы облысы – 320, Атырау облысы – 397, Шығыс Қазақстан облысы – 288, Жамбыл облысы – 160, Батыс Қазақстан облысы – 185, арағанды облысы – 931, Қостанай облысы – 279, Қызылорда облысы – 205, Маңғыстау облысы – 225, Павлодар облысы – 303, Солтүстік Қазақстан облысы – 151, Түркістан облысы – 147.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 610 744-ға жетті.

Сонымен қатар Қазақстанда өткен тәулікте 7 276 адам коронавирус індетінен сауығып шықты.

Ал 3 тамыз күнгі дерек бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 379 науқас және 33 өлім жағдайы тіркелді. Сондай-ақ, 153 адам емделіп шықты.