Қазақстанда індет жұқтырғандар саны жарты миллионнан асты

Қазақстанда індет жұқтырғандар саны жарты миллионнан асты

Елімізде соңғы тәулікте 7 479 адамда коронавирус індеті жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 557 107-ға жетті.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы – 1571,Алматы қаласы – 1450, Шымкент қаласы – 445, Ақмола облысы – 238, Ақтөбе облысы – 230, Алматы облысы – 270, Атырау облысы – 424, Шығыс Қазақстан облысы – 298,Жамбыл облысы – 197, Батыс Қазақстан облысы – 198, Қарағанды облысы – 1011, Қостанай облысы – 224, Қызылорда облысы – 175, Маңғыстау облысы – 220, Павлодар облысы – 251, Солтүстік Қазақстан облысы – 145,Түркістан облысы – 132.

Сонымен қатар Қазақстанда өткен тәулікте 5 814 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.