Елімізде 5-ші мамырдан бастап «Ashyq» қосымшасы арқылы караоке және банкет залдары жұмысын бастайды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Ал 21-ші сәуірден бастап туристік бағыттағы салаларға, яғни 15 адамнан аспайтын қала ішіне және басқа қалаларға экскурсия жасауға рұқсат етіледі.
Сонымен қатар қоғамдық тамақтану орындары да «Ashyq» қосымшасына қызығушылық танытуда.
2020 жылдың соңында елімізде 514 мың бизнес субъектісі шектеулермен жұмыс істесе, 15 мыңы жабық тұрды.
«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның мәлімдеуінше «Ashyq» жобасын іске асыру толық локдауннан шығуға және ауру жұқтырған адамдардың объектілерге кіруін шектеу арқылы нақты жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Оның айтуынша, бірінші кезеңде пилоттық жобаға– фитнес-залдар, бассейндер, СПА нысандары кірді. Екіншісінде - компьютерлік клубтар мен боулинг орталықтары, 14 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында кинотеатрлар мен театрлар жобаға қатысуға мүмкіндік алды.
«Статусы қызыл түсті адамдар анықталды, яғни ауру жұқтырғандар, олармен байланыста болғандар келген. Көп болмаса да, ондайлар болды.
- Жұма күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда театрлар ашылады, 14-нен бастап басқа өңірлер – Ақтөбе, Тараз, Талдықорған, Ақмола облысы қосылады. Аталған қалалар бойынша 619 қатысушы бар, бұған қоса, басқа өңірлерде тестілік режимде жұмыстар жүргізілуде, 26-нан бастап қызмет түрлері кеңейеді - 78 субъект. Пилоттық жобаға қатысам деушілер 1,5 мыңға жуық, қоғамдық тамақтануды ескерсек, қатысушылардан 4275 өтінім келіп түскен. Бұл өз еркімен қатысушыларды есептемегенде, бұл жеңілдіктерді пайдаланғысы келмейтін, бірақ жұмыс істегісі келетін, келушілердің, қызметкерлердің ауру жұқтырғанын тексергісі келетін бизнес субъектілері. Аурудың таралуын бақылау тұрғысынан бұл жақсы қызмет, - деп атап өтті ұлттық палата өкілі.
Бұған дейін Ashyq» қосымшасы қашан және қай өңірлерде іске қосылатыны туралы жазғанбыз.