Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцина салдырғандар саны белгілі болды

Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцина салдырғандар саны белгілі болды

Коронавирусқа қарсы вакциналанған қазақстандықтар саны жарияланды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Covid-19 таратпау жөніндегі ВАК бүгінде 28 мыңнан аса адам вакцинацияның бірінші кезеңінен өткенін мәлімдеді. Олардың жартысы вакцинаның екінші дозасын салдырып үлгерген.

"Вакцинациялаудың бірінші кезеңінен өткен адамдардың жалпы саны - 28 388. Екінші кезеңде - 14 933 адам", - делінген ресми хабарламада.

Елімізде 5 наурыздағы жағдай бойынша 1345 педагог пен 174 полиция қызметкері вакциналанды.

Ал Шымкентте 1-19 ақпан аралығында «Спутник V» вакцинасының 1 000 дозасы медицина қызметкерлеріне салынды.
Одан кейін, қалада мұғалімдерді ковидке қарсы вакциналау басталғаны туралы хабарланған еді. Бұл топқа 15 мыңнан астам адам кіреді.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі жүргізілген вакцинацияны ескере отырып, жыл ортасына дейінгі эпидемиологиялық жағдай болжамын жасады. Нақты болжамға сәйкес, жаппай вакцинация, маска тағу режимін және әлеуметтік арақашықтықты сақтау елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырады.