Елімізде соңғы тәулікте 1144 адамнан коронавирус індеті анықталған, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі coronavirus2020 сайтына сілтеме жасап
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 222, Алматы қаласы - 126, Шымкент қаласы - 58, Ақмола облысы - 48, Ақтөбе облысы - 30, Алматы облысы - 64, Атырау облысы - 69, Шығыс Қазақстан облысы - 79, Жамбыл облысы - 32, Батыс Қазақстан облысы - 89, Қарағанды облысы - 160, Қостанай облысы - 35, Қызылорда облысы - 10, Маңғыстау облысы - 45, Павлодар облысы - 41, Солтүстік Қазақстан облысы - 17, Түркістан облысы - 19.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 397 976.
Сонымен бірге өткен тәулікте 1 543 адам індеттен айыққан.
Корнавирустың таралуы бойынша республикада тек бір өңір, яғни Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақта. «Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары бар.
Ал Шымкентте соңғы тәулікте КВИ жұқтырған 58 жағдай тіркелді (30 симптоммен, 29 симптомсыз). Оның 12-сі инфекциялық стационарға жатқызылып, 36 адам үй бақылауына алынды. Сондай ақ, 160 науқас емделіп шықты.
Бүгінде қаладағы мамандандырылған инфекциялық орталықта 1 276 төсек-орын бар. Оның ішінде 865 төсек орны бос. Ал 411 азамат жұқпалы және карантиндік ауруханалар мен стационарда ем қабылдап жатыр.