Қазақстанда вирустың беті қайтты

Қазақстанда вирустың беті қайтты

Соңғы аптада елімізде коронавирустың анықталған жағдайы 4 мыңға дейін төмендеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

- Қазіргі уақытта ауру таралуы төмендеуінің оң динамикасы байқалады және эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақтанып келеді. Соңғы аптада сәуір айының соңы мен мамыр айының басындағы ауру-сырқау көрсеткішімен салыстырғанда коронавирус инфекциясы жағдайының анықталған саны 4 мыңға дейін төмендеді. Толықтай алғанда ауруға шалдығу 20 пайызға төмендеп отыр, - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі.

Сoronavirus2020.kz мәліметінше елімізде өткен тәулікте 1558 адам коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталған.

Ал Шым шаһарда КВИ-дің 27 жағдайы тіркелді. 10 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 17 адам үй бақылауына алынды.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тұрақты бақылауда. 24 мамыр күні 254 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 8 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.