Қазақстандық вакцинаның экспорттық бағасы мәлім болды

Қазақстандық вакцинаның экспорттық бағасы мәлім болды

Қазақстандық QazVac вакцинасы елдегі қажеттілікті толықтырғаннан кейін өзге елдерге сатылуы мүмкін, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл жөнінде Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді,

Вице-Премьер отандық авкцинаның өзге елдер үшін қанша тұратынын айтып өтті.

– Оның барлығы алдағы уақытта есептеледі. Ішкі есептеу бойынша 4,7 долларды құрап отыр. Ал көршілес Түркиямен есеп басқаша жүргізіледі, - деді Ералы Тоғжанов.

Алдағы күндері QazVac вакцинасының 50 мың дозасы «СҚ-Фармация» нүктелеріне таратылып, әрмен қарай өзге өңірдегі Денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына жөнелтеді.

Айта кетсек, қазақстандықтар үшін QazVac препараты ақысыз салынады. Отандық QazVaс екпесін салдыру 26 сәуірде басталады.