2021 жылы 8 наурыздан бастап "SCAT" авиакомпаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рет рейс ашады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
- Рейстер Б-737 типті әуе кемесінде дүйсенбі және сәрсенбі күндері болады. Ұшу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатынын атап өтеміз, - делінген хабарламада.