Қазгидромет: ​Қазақстанда 36℃-қа дейін ыстық болады

Қазгидромет: ​Қазақстанда 36℃-қа дейін ыстық болады

Қазақстанда 36 градусқа дейін ыстық болады, - деп хабарлайды Shymkentaqparat

Қазгидромет синоптиктері 27-29 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Метеорологтардың айтуынша, Атлантикалық циклонның әсерінен кезеңнің басында республика аумағында ауа температурасы 15-26 градусқа дейін, Қазақстанның оңтүстік бөлігінде 28-36 градусқа дейін көтеріледі.

- Кезеңнің соңында Солтүстік-Батыс антициклонының ауытқуымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы түнде, елдің солтүстігінде 3°С аяздан 5°С жылыға, күндіз 8-15 °С жылыға дейін төмендеуі мүмкін. Республиканың оңтүстік өңірлерінде күндіз термометр бағандары +20-28 градусқа дейін төмендейді. Жаңбыр жауады, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнайды, солтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр, бұршақ жауып, қатты жел тұруы мүмкін, - делінген хабарламада.

Ал Шымкентте ауа температурасы күндіз +28+30 °-қа дейін көтеріледі. Ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілмейді.