Кеше Шымкентте 50 адамнан COVID-19 анықталды

Кеше Шымкентте 50 адамнан COVID-19 анықталды

Қазақстанда 15 маусым күні 1068 адамнан коронавирус індеті анықталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 294, Алматы қаласы - 112, Шымкент қаласы - 50, Ақмола облысы - 32, Ақтөбе облысы - 22, Алматы облысы - 31, Атырау облысы - 52, Шығыс Қазақстан облысы - 76, Жамбыл облысы - 14, Батыс Қазақстан облысы - 89, Қарағанды облысы - 160, Қостанай облысы - 32, Қызылорда облысы - 7, Маңғыстау облысы - 21, Павлодар облысы - 43, Солтүстік Қазақстан облысы - 14, Түркістан облысы - 19.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 404 064.

Сонымен бірге өткен тәулікте 1 267 адам коронавирустан айығып шықты.

Ал Шымкентте 15 маусым күні коронавирус жұқтырған 50 жағдай расталды(белгілері бар - 34, белгілері жоқ – 16). Оның 18-і инфекциялық стационарға жатқызылып, 32 адам үй бақылауына алынды.

Денсаулық сақтау басқармасының дерегінше қазір мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 276 орын бар.

Сонымен бірге соңғы тәулікте 6 235 адам вакцина салдырды: I компонент – 2912, II компонент – 3323. Егу науқаны басталғалы барлығы 213 763 адам вакциналанды. Оның ішінде 119 257 адам вакцинаның екі компонентін алды.