Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Рухани жаңғыру» бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына арналған көңілді кеш өтті, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz
Балалар мен ата-аналар қатысқан қайырымдылық шарасында "Шымкент Цирк" пен "Шымкент Қуыршақ және жасөспірімдер театры" әртістері өнер көрсетті. Кеш соңында балаларға тарту ретінде кітаптар таратылды.
Айта өтейік, сыйлыққа берілген кітаптар "Рухани жаңғыру" бөлімі ұйымдастырған кітап фестивалінің «Балаларға базарлық» акциясында жиналған. Балаларға деген сый-кәдесін оқырман қауым арнайы сатып алып немесе жеке кітапханасынан алып келіп тапсырған болатын.