КӨЛІК ТЕ ЖҮРГІЗЕДІ, НАУҚАСҚА ДА ЖӘРДЕМ БЕРЕДІ
Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек адамы туралы «бұл, ең алдымен, өзіне жүктелген міндетті орындау үшін барын салып еңбек ететін білікті маман. Нағыз еңбек адамы — бұл істің адамы, яғни әр ісіне, әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын адал азамат» деген болатын.
Еліміздің түпкір-түпкірінде мұндай жандар көптеп саналады. Соның бірі шымкенттік Ногаев Сағымбек Ауезханұлын айтуға болады.
Ол ШЖҚ МКК «Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының №7 бекетінің жүргізуші болып жұмыс атқарады. Өте тәжірбиелі жүргізуші. Шақырту түскен жағдайда жедел жәрдем бригадасын дер кезінде қамтамасыз еткізіп, ең қысқа маршрутпен жеткізеді. Ол тәулігіне 15-20 шақыртуға барады.
Сағымбек тек жүргізуші ғана емес, сонымен бірге медицина қызметкерлеріне де аса қажет жағдай көмек беруге де ұмтылады. Науқастың жағдайына байланысты бригадаға көмек беріп, реанимациялық іс-шаралар жүргізу барысында өкпе-жүрек реанимациясында компрециясына қатысады. Одан бөлек тасымалды ұйымдастыру , керек заттарын ашып, дайындап, қосып беру қызметін де атқарады.
Станцияның қоғамдық жұмыстарына белсене қатысады, әрдайым жас жұмысқа келген жұмыскерлермен тәжірибесімен бөлісіп, үлгі болып келеді.
Жедел-жәрдем көлігінде қауіпсіз көлік жүргізу техникасы бойынша біліктілігін де арттырған. Өз еңбегінің арқасында әріптестері мен қызметкерлер арасында абыройға ие.
Қазіргі таңда ШЖҚ МКК «Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясында тәжірибелі жүргізуші ретінде жұмыс атқарып, Шымкент қаласының денсаулық сақтау жүйесін дамытуға үлкен үлесін қосып келеді.