Бұл туралы Шымкенттік мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы хабарлады.
Аталған мекеме мамандары тұрғындарды мұнда келіп әуре болмауға шақырады. Көлікке берілетін мемлекеттік нөмірді рәсімдегісі және тіркеу куәлігін алғысы келген азаматтар egov сайты арқылы онлайн қызметке қол жеткізе алады. Бұл қызметтің құны 2240 теңгені құрайды.
– Көліктің мемнөміріне тапсырып беру үшін автокөлік иелерінің электронды қолтаңбасы болса жеткілікті. Электронды үкімет порталына кіріп, мемлекеттік қызметті таңдап, өзінің мекенжайын белгілесе мамандар мемлекеттік нөмірді немесе техникалық куәлікті 1 жұмыс күні ішінде үйге жеткізіп береді, -деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Сапарәлі.
Айта кетейік, электронды үкімет порталында рәсімдеуге, қайта рәсімдеуге, нөмірді таңдауға, автокөлікті есепке қоюға және жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады.
Фото: Ашық дереккөз