Қазгидромед елімізде 13-15 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі Қазгидромедке сілтеме жасап
Қазақстанның басым бөлігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, дауыл болып, екпінді жел соғады.
Батыста ауа температурасы түнде +12...+22, күндіз +25...+35 болады. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +7...+20℃, күндіз +12...+28, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +8...+20, күндіз +15...+28 болады.
Синоптиктердің мәліметіне сәйкес, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнде температура +12...+23, күндіз +25...+32 болады.
Ал Шымкент қаласында 13 шілдеде күн алабұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +32, түнде +22 болады. 14 шілдеде күн ашық, ауа температурасы күндіз +31, түнде + 20.
15 шілдеде күн ашық болады, ауа температурасы күндіз +32, түнде +15 градусты көрсетеді.