Шымкентте медицина мамандары қоғамдық орындарда ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Бүгін қалалық №6 емхана мамандары сауда орындарына арнай барып, коронавирустың алдын алу, сақтану, қорғану және вакцина алудың тиімділігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Дүкендер, қоғамдық тамақтану орындары, дәріханалар, автобустарда тұрғындарға ақпараттық үнпарақтар тарқатты. Ата-аналар тарапынан қойылған «Pfizer» вакцинасына қатысты бірқатар сауалдарға да жауап берді.
Айта кетейік, қалада “Pfizer” вакцинасының I компонентін 44 144 адам ,II компонент 18 077 адам қабылдады .
Вакцинациялау жұмыстарын жүргізу үшін Шымкентте 45 егу бекеті бар. Одан бөлек, 25 жылжымалы егу бекеті жұмыс істеуде.
Қалада демалыс күндері де вакцина салу жалғасып жатыр. Вакцинация бекеттері жұмыс күндері таңғы сағат 08:00-18:00-ге дейін және демалыс күндері 08:00-13:00-ге дейін барлық мелекеттік жекеменшік емханалаларда жұмыс жасайды.