Бұл туралы Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметі Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
«Құрметті қала тұрғындары, Д.Қонаев атындағы даңғылдың жалғасын салу жобасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына байланысты қаладағы бірқатар көшелерде жол қозғалысы өзгеретінін назарларыңызға жеткіземіз. Түркістан көшесіндегі көлік ағынын азайту мақсатында Қонаев даңғылының Түркістан көшесімен қиылысу орнынан Тұрысов көшесіне дейінгі аралығында біржақтама көлік қозғалысы ұйымдастырылатын болады. Ендігі кезекте Қонаев даңғылынан Түркістан көшесін қиып өтіп С.Тұрысов көшесі арқылы К.Тоқаев көшесіне шығуға мүмкіншілік бар» - делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, кестедегі көлік қозғалысы тек алдағы АПТАДА іске қосылады.