Корея Республикасындағы Қазақстан Елшілігі мен қабылдаушы мемлекеттің ең ірі «Korea Post» пошта операторының бірлескен жұмысының нәтижесінде тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған мерейтойлық маркалар жарық көрді, - деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Маркалардың бір бөлігі салтанатты түрде Корея Республикасындағы жалғыз Марка мұражайының жинағына табысталды. Мұражай директоры На Санг-кук атап өткендей, жаңа экспонаттың арқасында көптеген келушілер Қазақстан мәдениетін біліп, онымен жақынырақ танысуға қызығулары мүмкін.
Осы жылдар ішінде мұражай мәдениет, дәстүрлер, ірі ұлттық және халықаралық іс-шараларды қамтитын әр түрлі тақырыптарға арналған көптеген көрмелер өткізді.
Мұражай қорындағы ең «жасы үлкен» болып 1884 жылы шығарылған Чосон әулетінің маркасы есептелсе, ал ең жасы кішісі - Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған маркасы болып табылады.