​Қорғаныс бригадасының кезекті дала жаттығулары өтті

​Қорғаныс бригадасының кезекті дала жаттығулары өтті

Бөлімшелердің жауынгерлік дайындығын тексеру және жеке құрамның далалық дағдысын жетілдіру мақсатында Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының кезекті дала жаттығулары өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Далалық шығу кезінде 20-дан астам ӘҚК жауынгерлік және арнайы техникасы жұмылдырылып, анықтау және бағдар беру офицерлері, нысанды қолмен алып жүру операторлары, басып алу офицерлері тәжірибеде өздерінің кәсіби шеберліктерін шыңдаған.

Әскерлердің айтуынша, заманауи ұрыста жеңіске жетудің міндетті шарты жеке құрамның жауынгерлік және арнайы техниканы тиімді пайдалана білуі, әскери қызметшілердің жоғарғы моральдық-жауынгерлік қасиеттері мен олардың психологиялық дайындығы болып табылады.

«Бір апта бойы жауынгерлік жағдайға барынша жақындатылған жағдайларда әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасы бөлімшелерінің әскери қызметшілері өз міндеттерін іс жүзінде пысықтады, батальонды үйлестіру бойынша жоспарлы сабақтар өткізді, оның барысында күн сайын практикалық нормативтерді пысықтаумен арнайы дайындық бойынша жаттығулар өткізілді», - деп атап өтті батальон командирі, майор Дарын Арман.

Айта кетейік, оқыту барысында жеке құрам шартты қарсыластың ұшу аппараттары мен зымырандарын имитациялайтын жылдам ұшатын шағын өлшемді нысаналарын анықтап, сүйемелдеу және табу бойынша жаттығуларды жоғары деңгейде орындап шықты.