Коронавирус инфекциясы 2022 жылдың басында аяқталады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы Данияның «DR» телеарнасына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймағы бюросының басшысы Ханс Клуге мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2021 жыл да коронавирус жылы болады, бірақ жағдай былтырғыға қарағанда едеуір жақсарады.
- Нашар сценарий артта қалды. 2020 жылмен салыстырғанда вирус туралы көбірек білеміз, - деді Клуге.
Халықаралық ұйым өкіліні өзінің болжамын ғана айтқанын және пандемиямен байланысты жағдайдың қалай дамитынын ешкім болжай алмайтынын ескертті.
- Вирус қалады, бірақ шектеулер қажет болмайды деп ойлаймын. Бұл оптимистік хабарлама, - деді ДДҰ өкілі.
22 ақпандағы ДДСҰ мәліметтері бойынша, бүкіл әлемде COVID-19-ды 110 974 862 адам жұқтырған, оның ішінде 2 460 792 адам өмірден озды. Ең көп науқастар АҚШ, Үндістан және Бразилияда тіркелді.