Өкпесі 80 пайыз зақымдалған науқас ауруханадан сауығып шықты

Өкпесі 80 пайыз зақымдалған науқас ауруханадан сауығып шықты

Шымкенттік дәрігерлер қос өкпесі істен шыққан 55 жастағы азаматшаны аман алып қалды.

Нүрила Асқарбекқызы 9-қыркүйек күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар орталығына жедел жәрдем қызметі арқылы келіп түскен. Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, дәрігерлер оны бірден жансақтау бөліміне жатқызады.

55 жастағы Нүрила Асқарбекқызынан коронавирус инфекциясы мен өкпесінің 80 пайызы зақымдалғаны анықталған. Науқаста тыныс жетіспеушілігінің салдарынан жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

1966 жылғы азаматшаға дәрігерлер хаттама бойынша толық ем көрсетіп, антикоагулянтты және антибактерильдық терапия бойынша көмек көрсеткен. Оған қоса науқастың қандағы оттегі мөлшері шамалы көтерілген.

Науқастың қазіргі жағдайы жақсы. Өздігімен тыныс алуда. Тыныс алу жиілігі жақсарған. Дәрігерлер денсаулығы қалпына келген науқасты отбасына табыстады.