Бүгін қала әкіміне кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының 2022 жылдың І жарты жылдығының қорытындысымен атқарған жұмыстары бойынша есеп берді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда: өнеркәсіп 10,1%, өңдеу өнеркәсібі 11,1%, инвестиция 19,5%, ШОБ субъектілері 26,4 %, бөлшек сауда 14,9 пайызға өскен.
Биыл өнім көлемі 856,9 млрд. теңге болады деп жоспарланған. 2022-2026 жылдар арасында 228 инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болса, соның 50-і биылғы жылдың үлесінде. Оның ішінде инвестиция көлемі 52,8 млрд теңгені құрайтын 16 өнеркәсіптік жоба бар.
Өңірлер арасында іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес саны бойынша Шымкент алғашқы орында; ЖӨӨ ШОБ үлесі бойынша үшінші орында; ШОБ-те адам саны бойынша төртінші орында болса; ШОБ өндірілген өнім көлемі бойынша алтыншы орынға тұрақтаған.
Есепті тыңдаған қала әкімі - алдағы жылдары жоспарға қойылған жобаларды кеңінен зерделеуді, индустриалды аймақтардағы кәсіпкерлік нысандарына талдау жүргізуді, өндірістік парктердің тиімділігіне талдау жасауды, көшпелі сауда орындарын бақылауға алуды тапсырды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі