КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР БАСШЫЛАРЫНА ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР БАСШЫЛАРЫНА ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің ұйымдастыруымен квазимемлекеттік сектор басшыларымен арнайы кездесу өткізілді. Ақпараттық-түсіндіру бағытындағы іс-шараның негізгі мақсаты – квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру және комплаенс қызметінің практикалық қызметінде туындайтын өзекті мәселелерді талқылау.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Қадырбеков жиынды ашып беріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда басшылардың жеке жауапкершілігі мен басқарушылық рөлінің маңыздылығын атап өтті.

Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Гүлбақыт Дулатова «Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: заңнамадағы міндеттер және практикалық мәселелер» тақырыбында баяндама жасап, комплаенс, тәуекелдерді басқару және жауапкершілік шараларына тоқталды.

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Диана Нұрмаханбетқызы жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру тәртібін, сондай-ақ декларацияны уақтылы және дұрыс тапсырмау үшін көзделген жауапкершілік мәселелерін түсіндірді. Сала мамандары қосымша сұрақтарға жауап берді.

Кездесу барысында Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мұратжан Акишев жаңа өкілеттіліктер бойынша ақпарат ұсынды.

Кездесу соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасу өтті. Іс-шара қорытындысында квазимемлекеттік сектор басшыларына заңнама талаптарын қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және ашықтықты қамтамасыз ету бойынша нақты ұсынымдар берілді.

«Шымкент келбеті»