Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
«Бүгінде Қазақстан азаматтарын вакцинациялау үшін «Sputnik V» және «QazVac» вакциналары қолданылып жатыр. Қазақстан COVID-19-ға қарсы әлемдік вакцина өндірушілердің ондығына кірді. Әлемдік рейтингке сәйкес, Қазақстан 177 елдің ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғандар саны бойынша 52-орында тұр», - деді министр.
Министрдің айтуынша, вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылуда. Бұл егуге жататын халықтың 20 пайызын вакцинамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Жұмыс жалғасуда. Вакцинациямен қамту елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға мүмкіндік береді», - деді ведомство басшысы.