Коронавирустың таралуы бойынша Қазақстан «жасыл» аймаққа кірді, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі www.coronavirus2020 сайтына сілтеме жасап
Елдегі 7 маусым күнгі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы бар. «Сары» аймақта: Алматы қаласы мен Атырау, Ақмола, БҚО және Павлодар облыстары. Ал «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы мен Алматы, Ақтөбе, ШҚО, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, СҚО және Түркістан облыстары бар.
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқрмасынң дерегінше соңғы тәулікте КВИ-дің 31 жағдайы тіркелді (белгілері бар - 18, белгілері жоқ – 13). Оның 9-ы инфекциялық стационарға жатқызылып, 22 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 276 орын қаралып отыр.
Шаһарда өткен тәулік ішінде 2 948 адам вакцина салдырдырған. Оның 2 147-і I компонент 801 адам II компонентті алған. Жалпы егу науқаны басталғалы барлығы 185 854 адам вакциналанды. Оның ішінде 93 560 адам вакцинаның екі компонентін алды.