​КВИ: Үндістаннан келген қазақстандықтар оқшауланады

​КВИ: Үндістаннан келген қазақстандықтар оқшауланады

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Үндістаннан келген қазақстандықтардың ПТР тест сынамасы теріс нәтиже көрсетсе де, тіпті, вакциналанған болса да 14 күнге карантинге жатқызылады.

Бұл отандастарымыздың қауіпсіздігі мен Үндістанда таралған жаңа штаммның таралуына жол бермеу үшін жасалуда.

Айта кетейік, Үндістанда тәулігіне коронавирус жұқтырған 400 мыңға жуық науқас тіркеледі.