Коронавирустың таралуы бойынша бес өңір «қызыл» аймақта тұр, - деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі coronavirus2020 сайтына сілтеме жасап
Осы жылдың 26 мамырдағы мәлімет бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Атырау, Қарағанды облыстары орналасқан.
Ал «Сары» аймақта: Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары және СҚО.
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы мен Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары бар.
Шымкентте өткен тәулікте КВИ-дің 62 жағдайы тіркелді. 19 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 43 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар.
Сондай-ақ, 25 мамыр күні 226 нысан тексерілді. Оның ішінде 6 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.