КВИ: Шымкентте өткен тәулікте 416 жағдай тіркелді

КВИ: Шымкентте өткен тәулікте 416 жағдай тіркелді

Шымкентте өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 416 жағдай тіркелді. Оның 286-сы симптомды, 130 симптомсыз. Қазір 109 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 207 адам үй бақылауына алынды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл жөнінде Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Мәліметке сәйкес, бүгінде қалада коронавирустық инфекциядан 1 346 адам ем қабылдап жатыр.

«Бір тәулік ішінде қалада 8 473 адам вакцина алды (I компонент-4 969, II компонент-3 993). Егу науқаны басталғалы барлығы 330 323 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 202 020 адам вакцинаның екі компонентін алды», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, соңғы тәулікте, яғни 14 шілде күні Қазақстанда 5 314 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған.