Шымкентте соңғы тәулікте Covid-19 инфекция жұқтырған 70 адам тіркелді. Оның 28-і стационарға жатқызылып, 42 адам үй жағдайында бақылауға алынды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Денсаулық сақтау басқармасының дерегінше 5 сәуір күні 11 435 адам вакцина салдырған. Оның 5 833-і I компонентті алса, , II компонентті 5 602 адам алған. Шаһарда егу науқаны басталғалы жалпы, 136 042 адам вакциналанды.
Қалада инфекциялық стационарда барлығы 1 406 орын қаралған. Бүгінде төсек-орын толымдығы – 51 % құрап, 683 төсек-орын бос.
Соннымен бірге кәсіпкерлік нысандарда карантин талабына бақылау жүргізетін мобиьлді топ 5 мамыр күні 268 нысанға тексеріп, 8 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықтаған. Заң бұзғандарға әкімшілік хаттамалары толтырылды.