КВИ:Шымкентте соңғы тәулікте 39 жағдай тіркелді

КВИ:Шымкентте соңғы тәулікте 39 жағдай тіркелді

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды облыстары «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап

31 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «сары» аймақта – Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары болса, «жасыл» аймақта – Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары бар.

Шымкентте 30 мамыр күні КВИ-дің 39 жағдайы тіркелген. Оның 6-ы инфекциялық стационарға жатқызылып, 33 адам үй бақылауына алынды.

Өткен тәулікте 766 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды: I компонент – 324, II компонент – 442. Егу науқаны басталғалы барлығы 174 407 адам вакциналанды. Оның ішінде 80 700 адам вакцинаның екі компонентін алған.

Қала аумағында карантин талаптардың сақталуын бақылайтын мобильді топ 30 мамыр күні 176 нысанға тексеру жұмыстары жүргізіп, 5 нысанда заңбұзушылықты анықтаған.