2-3 наурыз күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға мемлекеттік сапары өтеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
- Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен екіжақты құжаттарға қол қою, сондай-ақ мемлекеттік сапар мәртебесіне сәйкес протоколдық іс-шаралар жоспарланған. Сонымен қатар Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстанның бизнес-қоғамдастығымен кездесу өткізеді, - делінген хабарламада.