«Әлем жауынгері» байқауына қатысатын әскери қызметшілер таңдалды

«Әлем жауынгері» байқауына қатысатын әскери қызметшілер таңдалды

Халықаралық армия ойындары шеңберінде өтетін «Әлем жауынгері» конкурсына қатысу үшін Шымкент гарнизонында үздік әскери қызметшілер таңдалды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Іріктеу кезеңінде әскери қызметшілердің дене даярлығы, білімі, РХБҚ нормативтерін орындауы тексерілді. Сонымен қатар, әскери қызметшілер әскери тарих туралы білімдерін, шығармашылық қабілеттері мен таланттарын көрсетті.

Ең үздік кешенді сынақтарды сержант Ғайбутдин Әбдірахманов, кіші сержант Әйгерім Қалиева, Нұралы Құлбеков пен Марс Каюмов ефрейторлары өтті. Енді олар «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мен Қарулы Күштері ауқымында іріктеуден өтуі тиіс.

«Жыл сайын іріктеу жарыстарының нәтижелері жақсарып, ал ниет білдірушілер саны артып келеді. Әскери қызметшілердің кәсіби шеберлік деңгейінің өсуі бізді өте қуантады», – деп бірінші сыныпты сержант Рауан Әлімбетов атап өтті.

Айта кетсек, байқау Халықаралық армия ойындарының бағдарламасына кіреді. Әскери қызметшілер тек кәсіби дағдыларын ғана емес, сондай-ақ интеллект деңгейін, креативтілігін көрсететін әсерлі жарыс және әскери мамандықты танымал етуге ықпал етеді.

Фото: ашық дереккөз